flip

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН




ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ Жоба аясында: Ханнс Зайдель Қоры мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы Келісім шеңберінде іске асырылатын, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту жағдайында аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдық округтердегі, кенттердегі және ауылдардағы жергілікті басқару» жобасы (2023-2024 ж.) Астана, 2025

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ УДК 352.075 (574) ББК 67.401.21 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми кеңесі ұсынған 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 10 хаттама Рецензенттер: Д.Ә. Жампеисов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракция аппаратының бағыт бойынша басшысы, PhD А.А. Мусатаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының доценті, философия докторы (PhD) Жобалық топтың жетекшісі: А.Р.Масалимова Жинақтың құрастырушылары: А.Р.Масалимова, Қ.Х.Нұрбек Қазақстандағы жергілікті басқару субъектілерінің жұмысына арналған кейстер жинағы – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2025. – 48 б. ISBN 978-601-08-4878-8 Кейстер жинағы 2023-2024 ж. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту жағдайында ауылдық округтердегі, кенттердегі, ауылдардағы және аудандық маңызы бар қалалардағы жергілікті басқару» жобасын және Ханнс Зайдель Қоры мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы Келісімді іске асыру шеңберінде дайындалған. «Қазақстандағы жергілікті басқару субъектілерінің жұмысына арналған кейстер жинағы» жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару өкілдеріне ұсынымдық құрал болып табылады. Басылым аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің қызметі процесінде туындайтын мәселелерді және оларды шешудің мүмкін жолдарын сипаттайды. Құрал ауылдық аумақтардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару саласына қызығушылық танытатын оқырмандарға пайдалы әрі қызықты болады. © Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2025

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ АЛҒЫС Жергілікті өзін-өзі басқару субъектілеріне арналған кейстер жинағын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы 2023-2024 жылдары іске асырылған зерттеу жобасының қорытындысы бойынша Ханнс Зайдель Қорымен бірлесіп дайындады. Әкімдермен, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әлеуметтік сауалнама мен сұхбаттарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқаны үшін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары филиалдарының қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамын, сондай-ақ Қызылорда, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Шымкент облыстарының филиалдарына ұсынған кейстер үшін ризашылығымды білдіремін. Кейстердің авторлары: Р.Ә.Есберген, М.К.Негметжанова, А.Сейлхан, Г.С.Хаирова, С.Б.Садикова, Н.Ә.Ақылбеков, Ж.А.Сариева, А.С.Нуртазинова, С.Ж.Рысбаева, Е.К.Жаров, С.А.Мурзина, О.К.Джолдасбаев, А.Т.Жансейтов, А.У.Жамантаева, Б.Д.Оспанова, Г.В.Грызунова, И.В.Сисенова Жобалық топтың мүшелері: А.А.Тынышбаева, Д.А.Пардабеков, Ж.Ж.Искиндирова, Қ.Х.Нұрбек, М.Ш.Амантаева, А.Бекбаев. Ж.К. Букановаға сараптамалық қолдауы үшін ерекше алғыс білдіремін. Осы жинақ нысаналы топ өкілдерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады және кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша олардың ықтимал шешу жолдарын ұсына отырып, кейстер жинағын құру қажеттілігі туралы ұсыныстардың негізінде орындалды. А.Р.Масалимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, жобалық топтың жетекшісі 3

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ МБА – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ӘРПК – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ЖАО – Жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар 4

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ...................................................................................................... 6 Ағымдағы жағдайды талдау..................................................................... 7 Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару саласына қатысты қолданыстағы НҚА мен бағдарламалық құжаттар ................................ 9 I. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер…………………………………… II. Заңнаманы білу және қолдану мәселелері………………………… 22 III. Біліктілікті арттыру……………………………………………………………………. 23 IV. Жер мәселесі……………………………………………………………………………. 33 V. Мемлекеттік қызметшінің этика, жауапкершілік және имидж мәселелері.................................................................................. 39 VI. Қақтығысты шешу…………………………………………….. 51 5 11

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ КІРІСПЕ Бұл кейстер жинағында жергілікті басқару саласын кәсібилендірудің ерекшеліктері қарастырылады. Кейстердің тақырыбы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің қызметін әлеуметтік зерттеу нәтижелері негізінде ұсынылған. Бұл материалда кейстер мен оларға қатысты шешімдердің нұсқалары, әкімдерге қызмет барысында қажет болатын кейбір ұсынымдар берілген, сондай-ақ онда басқару құралдары да сипатталған. Жинақ әкімдерге, мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім алушылары мен тыңдаушыларына, оқытушыларға, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік жергілікті басқару мәселелерімен айналысатын сарапшыларға арналған. Академия қызметкерлері Академия базасында және барлық облыс орталықтарындағы филиалдарда оқытылатын тренингтер мен семинарлар аясында әкімдерді қажетті кәсіби құзыреттілік бойынша оқытуға қатысты ұсынымдар әзірледі. Зерттеуге қатысқан ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, ҮЕҰ және бизнес секторының өкілдері әкімдердің кәсіби қызметі барысында кездесетін проблемалар туралы айтып, өздерінің шешу әдістерін ұсынды. Жинақта кейстер қазақ/орыс тілдерінде түпнұсқада, автордың өзі ұсынған нұсқада беріліп отыр. 6

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ Ағымдағы жағдайды талдау Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі біртіндеп реформадан өтуде. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 мамырдағы Конституциялық заңға сәйкес әкімдерді тікелей сайлау, оларды саяси партиялардың атынан кандидат ретінде ұсыну, өзін-өзі ұсыну, сонымен қатар жоғары тұрған әкімдердің ұсынуына қатысты рәсімдер енгізілді. Бұған дейін кез келген деңгейдегі әкім мемлекеттік лауазымды тұлға саналып, мұндай лауазымға тек жоғары тұрған органның тағайындау тәртібімен орналаса алғанын айта кеткен жөн. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырманы ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев 2021 жылы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берді. Әкімдерді тікелей сайлау бастамасы ҚР Конституциясының және мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың нормаларында көзделген жергілікті өзін-өзі басқару институттарының кең таралған тәжірибесін енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп іске асыруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару тетігі ретінде азаматтарға аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде, кенттер мен ауылдарда басқаруға нақты қатысу құқығын беру арқылы билікті жүзеге асырудың демократиялық принциптеріне негізделеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органының қызметі мемлекеттік ауқымдағы да, жергілікті маңызы бар да міндеттерді шешуге бағытталғанын атап өткен жөн. Регламенттелген талаптарды ескере отырып, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органы басшысының бойында тек кәсіби құзыреттер ғана емес, сонымен қатар басқарушылық, коммуникативтік және басқа да дағдылар болуы қажет. Сонымен бірге шешім қабылдау, мемлекеттік басқару жүйесінде тігінен көлденеңінен тиімді өзара іс-қимыл жасай білуге тиіс. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы сайлауы 2021 жылғы шілде айында өткізілді. Әлеуметтік тәжірибе енді-енді қалыптасуда, осыған орай зерттеу жұмысы осы саланы зерттеуге бағытталып отыр. Жоба аясында зерттеу ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін оқытуға деген қажеттіліктерді анықтауға және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Барлық берілген кейстер мен шешу жолдары ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен 7

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ өткізілген сұхбат нәтижелері негізінде әзірленді. Әкімдер көтерген негізгі мәселелер төменде келтірілген. Сұхбат берушілердің айтуынша, сайланған әкімдер өз салаларында білікті мамандар болса да, ауылдық жерлерде жұмыс көлемінің көптігіне байланысты туындайтын мәселелерді шешу үшін әртүрлі бағыттағы салалар бойынша білімнің жетіспеушілігі байқалады. Бұған қоса барлық әкімдер дерлік білікті кадрлардың жетіспеушілігін және штаттың аздығын атап өткен. Көтерілетін мәселелердің басым көпшілігі қаржының бөлінуіне байланысты болады. Көптеген әкімдер мемлекеттік сатып алуды ресімдеу барысында туындайтын мәселелерді атап өтеді. Осыған орай, көптеген ауылдық округтердің басшылары заңгер штаттық бірлігі қажет деп санайды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары психологиялық кеңес беру немесе халықпен қарым-қатынас және эмоцияларды басқару дағдыларына оқыту қажеттілігі туралы айтады. Ауылдық округ әкімінің айтуынша: «Психологиялық сәтті де ескеру керек, өйткені жұмыс барысында психологтың көмегі өте маңызды. Ал бізде бұл сала қажетті деңгейде дамымаған. Психологтардың көмегін біз тек оқуда сезіндік. Оқудан өткеннен кейін мен өз қызметкерлеріме психологқа баруды немесе бізді оқытқан психологтарға баруды ұсындым. Біз жүмыс барысымен әртүрлі адамдармен сөйлесеміз, олар ашулы болып, наразылық білдіруі мүмкін және мұндай жағдайларда психологиялық тұрғыда даму мен тұрақтылық өте маңызды». Әкімдердің пікірінше, ауылдық жерлерде проблемалар туындаған сәтте және халық тарапынан тез арада шешуді талап ететін сауалдар келіп түскен кезде келісу, шарттарға қол қою процесінің және басқа да бюрократиялық рәсімдердің ұзақ уақыт алуына байланысты мәселені шешу мерзімі кешіктіріледі. Нәтижесінде, бұл ауыл тұрғындарының наразылығын тудырып, әкімнің имиджіне теріс әсерін тигізеді. Әкімдер оқуға оң көзқарастарын білдіріп, жүйелі түрде оқытудың қажеттілігін әрі маңыздылығын жеткізді. Әкімдердің басым көпшілігі үш жылда бір рет жүргізілетін оқудан өтті, енді қызметкерлерін де оқытуды ұсынады. 8

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН



Flipbook Gallery

Magazines Gallery

Catalogs Gallery

Reports Gallery

Flyers Gallery

Portfolios Gallery

Art Gallery

Home


Fleepit Digital © 2021